Университеттің ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.13Кілт сөздер:
деректер, ақпараттық-аналитикалық жүйе, визуализация, деректерді, асқару, университетАңдатпа
Бүгінгі таңда университетті басқару контурына аналитикалық жүйелерді енгізу жоғары оқу орындарының қажетті және басым міндеті болып табылады. Бұған университет басшылығының білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту және шешім қабылдау мақсатында деректердің табиғатын түсінуге деген ұмтылысы себеп болды. Бұл мақалада ақпараттық жүйелерді талдау, бизнес-талдау платформаларын салыстыру және университеттің ақпараттық инфрақұрылымының негізгі элементтерінің бірі ретінде университет ішіндегі ақпараттық-аналитикалық жүйені жобалау тәсілдері қарастырылады.
Ұсынылған жұмыста Қазақ ұлттық университетінің корпоративтік ақпараттық жүйелерінің архитектурасы, ақпараттық-талдау жүйесін Microsoft Power BI бизнес-талдаудың бұлтты платформасында жобалау және іске асыру тәсілі сипатталған. Бұл жүйе университеттің корпоративтік ақпараттық жүйелері мен транзакциялық деректер көздерінің барлық шашыраңқы деректерін біріктіреді. Сондай-ақ, деректерді алу, түрлендіру, Power BI қолдана отырып, визуалды есеп беру нысанын енгізу логикасы және оларға рөлдік қол жетімділік моделі келтірілген.











