БІРҚАЛЫПТЫ МЕТРИКАДА ДӘЛ ЕМЕС МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША  ФУНКЦИЯНЫ ЖУЫҚТАУ ҚАТЕЛІГІНІҢ ДӘЛ РЕТІ ЖӘНЕ ДӘЛ ЕМЕС МӘЛІМЕТТІҢ ШЕКТІК ҚАТЕЛІГІ

Авторлар

  • Галия Таугынбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана, Қазақстан
  • Назерке Бақытова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0001-9834-8122 ##orcid.unauthenticated##

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS1313202611

Кілт сөздер:

басым аралас туындылы Соболев класы, бiрқалыпты метрика, дәл емес ақ парат бойынша функцияны жуықтау, шектiк қателiк, шектiк қателiктiң массивтiлiгi

Аңдатпа

Мақалада басым аралас туындылы SWr2(0,1)s Соболев кластарынан алынған көп айнымалылы функцияларды L(0,1)s  бірқалыпты метрикасында дәл емес мәлімет бойынша жуықтау есебі қарастырылған. Жұмыстың мақсаты қарастырылып отырған кластағы функцияларды қателікпен берілген сызықтық функционалдардың ақырлы жиыны бойынша жуықтау дәлдігін табу және Фурье коэффициенті түріндегі  сандық мәліметтердің ақырлы жиыны негізіндегі оптималді есептеуіш агрегат үшін дәл емес мәліметтің шектік қателігі мен оның массивтілігін анықтау болып табылады. Мақаладағы зерттеу Компьютерлік (Есептеуіш) Диаметр есебі аясында жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде басым аралас туындысы бар Соболев кластарының функцияларын бірқалыпты метрикада дәл емес мәліметтер бойынша жуықтаудың дәл реттері алынды және оптималды есептеуіш агрегаты құрылды. Құрылған есептеуіш агрегат үшін дәл емес мәліметтің шектік қателігі, сондай-ақ шекті қателіктің массивтілігі анықталды, яғни шектік қателіктері берілген агрегаттың шекті қатесінен аспайтын есептеуіш агрегаттар жиыны құрылды. Алынған теориялық нәтижелер сандық эксперименттер арқылы расталған. Жоғарыда аталғандардың барлығы осы жұмыстың ғылыми жаңалығын құрайды.

Автор өмірбаяндары

  • Галия Таугынбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана, Қазақстан

    Таугынбаева Галия Ерболовна — PhD, Iргелi математика кафедрасының доцент мiндетiн атқарушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi (Астана, Қазақстан, электрондық пошта: taugynbayeva_gye@enu.kz).

  • Назерке Бақытова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана, Қазақстан

    Бақытова Назерке Кенжеболатқызы — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, 7M05402– Математика мамандығының 2-курс магистранты (Астана, Қазақстан, электрондық пошта: nazerkebakytova29@gmail.com).

Жарияланды

2026-09-14