ӨЗЕК ҚАТЫСҚАН САЛМАҚТЫ БИСЫЗЫҚТЫ ТЕҢСIЗДIК ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS132420261Кілт сөздер:
бисызықты оператор, Харди тәрiздес теңсiздiк, Харди тәрiздес оператор, Лебег кеңiстiгi, салмақ функциясы, өзекАңдатпа
Интегралдық бисызықты Харди тәрiздес операторларға өзек енгiзу операторлар теория сындағы жаңа бағыт болып табылады. Жалпы жағдайда, салмақты Лебег кеңiстiгiнде өзек пен берiлген интегралдық Харди тәрiздес теңсiздiктiң орындалу критерийi анықталмағанды қтан, өзекке әртүрлi шарттар анықталды және ядросыз жағдайға қарағанда кеңiрек нәтиже лер алынады. Бұл жұмыста салмақты Лебег кеңiстiктерiнде Харди және Харди-Вольтерра операторларын қамтитын интегралдық бисызықты Харди тәрiздес операторлар зерттеледi. O+1 және O−1 кластарына жататын өзектерi бар бисызықты интегралдық Харди тәрiздес теңсiздiктердiң орындылығының критерийлерi параметрлердiң 1 < max{p,r} ≤ q < ∞, 1 < min{p,r} ≤ q < max{p,r} < ∞ және 1 < q < min{p,r} < ∞ аралықтарында алынды. Кейбiр мультисызықты операторлардың шенелiмдiлiгiн сипаттау үшiн итерациялық әдiс қолданылады, бұл есептi сызықтық оператор жағдайына келтiредi. Бұл зерттеу функционал дық талдаудағы интегралдық операторлар теориясына үлес қосады және дифференциалдық теңдеулердiң шешiмдерiн табуда қолданылуы мүмкiн. Жұмыста алынған нәтижелер өзек қатысқан бисызықты теңсiздiктердiң орындалу шарттарын параметрлердiң кең ауқымында толық сипаттайды. Бұл өз кезегiнде осы бағыттағы одан әрi зерттеулер үшiн теориялық негiз қалап, өзектi операторлар теориясын жаңа кластағы теңсiздiктерге кеңейтуге мүмкiндiк бередi.











