Қазақ және түрік тілдер етістігінің морфологиялық ережелерін салыстыру
DOI:
10.26577/JMMCS-2018-4-562Кілт сөздер:
онтологиялық модельдер, морфологиялық ережелерi, лексикалық бiрлiктер, қазақ және түрiк тiлi етiстiкАңдатпа
Мақалада қазақ және түрiк тiлiнiң етiстiктерiн толық салыстыру көрсетiлген. Бұл үшiн
алдымен қазақ және түрiк тiлi етiстiктерiнiң морфологиялық ережелерiнiң онтологиялық
моделi құрылады. Бұл онтологиялық моделдерде аталған тiлдердiң етiстiк жасалу үшiн
қолданылатын лексикалық бiрлiктерiнiң қасиеттерi сонымен қатар бұл бiрлiктер арасындағы
қатынастары да формалды және визуалды сипатталады. Ұсынылатын онтологиялық
моделдерде грамматикалық категориялар мен түсiнiктердi белгiлеу үшiн UniTurk метатiлi
терминдерi қолданылады. Аталған тiлдер етiстiктерiнiң онтологиялық моделдерi құрылған
соң, оларды салыстыру алгоритмi құрылды. Онтологиялық моделдер арқылы түркi (қазақ,
түрiк) тiлдерiнiң морфологиялық ережелерi формалданған. Бұл жұмыстың нәтижелерiн
NLP есептерiн шешу үшiн қолдануға болады. Мысалы, корпустарды белгiлеуде, бiлiмдердi
шығару жүйелерi, ақпараттық iздеу жүйелерi, машиналық аудары және басқалары.










