Функционалды тiлде мәтiннен N-gram шығаруға арналған параллель алгоритмдi жүзеге асыру

Авторлар

  • B. S. Daribayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0003-1313-9004
  • D. V. Lebedev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-5186-6483
  • D. Zh. Akhmed-Zaki Халықаралық бизнес университеті (UIB), Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-8100-8263

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2020.v107.i3.05

Кілт сөздер:

параллель алгоритм, функционалды тiл, LuNA, N-gram, фрагменттелген программалау

Аңдатпа

Берілген мақалада фрагменттелген программалау технологиясын қолданатын LuNA жүйесінің функционалдық тілінде әлсіз құрылымды мәтіннен N-gram-ды шығарып алу параллельді алгоритмінің жүзеге асырылуы қарастырылады. N-gram-ды шығарып алу NLP есептеріне жатады. MPJ Express, Apache Spark және Apache Hadoop технологияларын қолдану арқылы қарастырылып отырған параллель алгоритмнің басқа жүзеге асыруларына талдау келтірілген. Талдаудың негізінде LuNA жүйесін таңдау ұсынылады, себебі бұл жүйеде есептеуіштің процессорлары мен ядроларында динамикалық түрде үлестірілетін, ақпараттық байланысқан есептердің тізбектелген көпмүшесі түрінде қолданылатын алгоритмнің моделінің негізінде алгоритмді нақты есептеу жүйесіне автоматты баптай алу мүмкіншілігіне ие бола алады. Жұмыста фрагменттелген программалау технологиясын қолдану арқылы берілген алгоритмның жүзеге асырылуының схемасы сипатталады. Мақалада мәліметтер фрагменттері мен есептеу фрагменттерінің бөліну схемасы сипатталған. N-gram-ды шығарып алу алгоритмінің жүзеге асырылу схемасы келтірілген. Сөздер бойынша N-gram-ды шығарып алуға процессорлардың әртүрлі мөлшерінде тестілеулер жүргізілген. Токендерді шығарып алу кезіне алдын-ала жеке мәтіндік қоймада берілетін барлық стоп сөздер жойылған. Тестілеудің нәтижесі LuNA жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылған алгоритмдерге қатысты ұсынылып отырған әдіс жақсы тиімділікті көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30