Сингулярлы ауытқуы және бөлiктi-тұрақты аргументтi бар қарапайым дифференциалдық теңдеу үшiн бастапқы мән есебiнiң аналитикалық шешiмi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-122-02-b1Кілттік сөздер:
бөлiктi-константалы аргумент, гармоникалық осциллятор, бастапқы функциялар, бастапқы мән есебiАннотация
Мақалада жалпыланған түрдегi бөлiктi тұрақты аргументтi кiшi параметрлi жай дифференциалдық теңдеу үшiн бастапқы мән есебi қарастырылған. Бөлiктi тұрақты аргументтi кiшi параметрлi бiртектi емес дифференциалдық теңдеуге сәйкес бiртектi бөлiктi тұрақты аргументтi сингулярлы ауытқыған дифференциалдық теңдеудiң iргелi шешiмдер жүйесi құрылды. Шешiмнiң құрамындағы ( y (θi ), y/(θi) ) , i = 1,...,p векторын анықтайтын айырымдық теңдеулер жүйесi алынды. Осы құрылған айырымдық теңдеулер жүйесiнiң шешiмi анықталды. Редукция тәсiлiн қолданып, қойылған бөлiктi тұрақты аргументтi кiшi параметрлi бастапқы мән есебiнiң шешiмiнiң аналитикалық формуласы алынды. Шешiмнiң аналитикалық формуласы туралы теорема қорытылып шығарылды. Қарастырылған жалпыланған түрдегi бөлiктi тұрақты сингулярлы ауытқыған бастапқы мән есебiнiң дербес жағдайларда сызықты гармоникалық осциллятор болып табылады.
Библиографиялық сілтемелер
Биографии авторов
Ж.Н. Артыкбаева, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы (автор для корреспонденции) - Докторант кафедры математики Казахского национального университета имени аль-Фараби
А.Е. Мирзакулова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы-PhD, и.о.доцента кафедры математики Казахского национального университета имени аль-Фараби
А.А. Асилхан, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы-Магистр кафедры математики Казахского национального университета имени аль-Фараби