КӨЛIК ЖҮЙЕЛЕРIНДЕГI КIДIРIСТЕРДIҢ ТАРАЛУЫН СТОХАСТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ АРҚЫЛЫ ӨТКIЗУ ҚАБIЛЕТIН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Авторлар

  • Валерий Польянов Сiбiр мемлекеттiк қатынас жолдары университетi, Новосибирск 630049, Ресей
  • Виктор Атучин Кемерово мемлекеттiк университетi, Кемерово 650000, Ресей Ресей Ғылым академиясының Сiбiр бөлiмiнiң Жартылай өткiзгiштер физикасы институты, Новосибирск 630090, Ресей Новосибирск мемлекеттiк техникалық университетi, Новосибирск 630073, Ресей

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS131320269

Кілт сөздер:

виртуалды байланыс, жүк поездары, минималды интервал, стохастикалық бұзылыстар, кесте сенiмдiлiгi, дискреттi-оқиғалы модельдеу

Аңдатпа

Зерттеу Транссiбiр магистралындағы қозғалыс кестесiнiң стохастикалық ауытқулары жағдайында виртуалды тiркелген жүк пойыздары үшiн қозғалыстың ең аз аралық интервалын анықтауға арналған. О–М учаскесiнiң эмпирикалық деректерi негiзiнде кiдiрiстердiң тән үлестiрiм заңдылықтары белгiлендi: нормативтiк салмақ пен ұзындықтағы жүк пойы здары үшiн — Эрланг үлестiрiмi, ауыр салмақты пойыздар үшiн — хи-квадрат үлестiрiмi, ал ұзын құрамды пойыздар үшiн — Вейбулл үлестiрiмi. Дискреттi-оқиғалық модельдеу мен Петри желiлерiнiң гибридтi моделiн қолдану арқылы қозғалыс аралығын 3 минутқа дейiн қысқартудың өткiзу қабiлетi мен қозғалыс кестесiнiң сенiмдiлiгiне әсерi бағаланды. 6 минуттан аз аралықтар екiншi реттiк кiдiрiстердiң жинақталуына әкелетiнi анықталды, ал 6 минуттық интервал қозғалыс кестесiнiң тұрақтылығын жоғалтпай, өткiзу қабiлетiн арттыру үшiн оңтайлы болып табылады. Аралықты 13 минуттан 7 минутқа дейiн қысқарту нормативтiк салмақ пен ұзындықтағы жүк пойыздары үшiн өткiзу қабiлетiнiң 54,2%-ға, ауыр салмақты пойыздар үшiн 53,3%-ға, ал ұзын құрамды пойыздар үшiн 58,6%-ға артуын қамтамасыз етедi. Ұсынылған әдiстеме виртуалды тiркелген пойыздардың қозғалыс кестесiн жоспарлау кезiн де нақты стохастикалық ауытқуларды ескерiп, жүк темiржол тасымалын оңтайландырудың жаңа тәсiлiн ұсынады.

Автор өмірбаяндары

  • Валерий Польянов, Сiбiр мемлекеттiк қатынас жолдары университетi, Новосибирск 630049, Ресей

    Валерий Польянов – Сiбiр транспорттық университетiнiң темiржол тасымалын басқару факультетi (Новосибирск, Ресей, электрондық пошта: polyanovvv@mail.ru).

  • Виктор Атучин, Кемерово мемлекеттiк университетi, Кемерово 650000, Ресей, Ресей Ғылым академиясының Сiбiр бөлiмiнiң Жартылай өткiзгiштер физикасы институты, Новосибирск 630090, Ресей, Новосибирск мемлекеттiк техникалық университетi, Новосибирск 630073, Ресей

    Виктор Атучин – Кемерово мемлекеттiк университетi; Жартылай өткiзгiш физика институтының оптикалық материалдар мен құрылымдар зертханасы СО РАН, Новоси бирск мемлекеттiк техникалық университетi (Новосибирск, Ресей, электрондық пошта: atuchin@isp.nsc.ru).

Жарияланды

2026-09-02