Түрi мен ретi азғындалған үш өлшемдi гиперболо-параболалық теңдеулерге Дирихле есебi

Авторлар

  • Е. Қытайбеков Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

Дирихле есебi, түрi мен ретi азғындалған, шешiмдiлiк, тығыздық

Аңдатпа

Гиперболо-параболалық теңдеулер үшiн шеттiк есептер жазақтықтарда жақсы таныс, мұнда Трикоми есебi және бiрiншi шеттiк есеп зерттелген. Сипатамалық Коши есебi және Дарбу есебi үшiн көп өлшемдi гиперболо-параболалық теңдеулерге аралас есеп бұрын қаралған. Көпөлшемдi облыста Трикоми есебiнiң шешiлу мәселесi қойлған. Және де бұл сұрақтар әр түрлi аторлармен зерттелген. Азғындалған гиперболо-параболалық теңдеулерге шеттiк есептер теориясы сондай-ақ жазақтықтар үшiн жақсы зерттелген. Көпөлшемдi аналогтары осы мiндеттердi жалпылама кеңiстiктерде зерттелдi. Азғындалған көпөлшемдi гиперболалық теңдеулер үшiн Дирихле есебiнiң қисындылығы дәлелдендi. Бұл жұмыста түрi мен ретi азғындалған үш өлшемдi гиперболо-параболалық теңдеулердiң цилиндрлiк облыста шешiмдiлiгi көсетiлген және Дирихле есебiнiң классикалық шешiмiң айқын түрi алынған.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-13