Сфералық қабаттағы және тордың iшкi бөлiгiндегi Моисил–Теодореско жүйесi үшiн Шварц есебi туралы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v114.i2.04

Кілт сөздер:

Коши–Риман жүйесi, Моисил–Теодореско жүйесi, Шварц есебi, сфералық қабат, тордың iшкi бөлiгi, есептiң шешiмдiлiгi

Аңдатпа

Екі байланысты облыстар сұйықтықтар механикасында маңызды рөл атқарады. Мысалы, өз осімен нормаль бағытта қозғалатын ұзын тұтас цилиндрден жасалған ағын дәл екі байланысты облыста жүзеге асады.
Бұл жұмыста сфералық қабаттағы және тордың ішкі бөлөлігіндегі Моисил - Теодореско жүйесі үшін тиянақты есептер келтірілген. Моисил--Теодореско жүйесі эллиптикалық Коши - Риман жүйесінің жалпыланған мысалы болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижелерінен сфералық қабаттағы тиянақты қойылған есеп пен тордың ішкі бөлігінде қойылған есептің арасында айтарлықтай айырмашылықты көреміз.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-24