Сыртқы магнит өрiсiнiң тозаңды бөлшектердiң локализациясына әсерiн зерттеу және компьютерлiк модельдеу

Авторлар

  • Р. У. Машеева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • К. Н. Джумагулова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • З. Донко Институт физики твердого тела и оптики, Вигнеровский исследовательский центр Академии наук Венгрии, Будапешт, Венгрия
  • Т. С. Рамазанов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Г. Л. Габдуллина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

тозаңды плазма, компьютерлiк модельдеу, Верле алгоритмi, кейгендiк функция, микроскопиялық қасиеттерi, молекулалық динамика

Аңдатпа

Мақалада тығыз байланысқан үш өлшемдi тозаңды жүйенiң квазилокализацияна сыртқы бiртектi магнит өрiсiнiң әсерiн зерттеу үшiн компьютерлiк модельдеу әдiстерiн қолдану бойынша нәтижелер келтiрiлген. Мұндай жүйенiң физикалық қасиеттерiн зерттеу және компьютерлiк модельдеу Юкава әсерлесу моделiнiң негiзiнде жүзеге асырылды. Юкава әсерлесу потенциалы буферлiк газ плазмасымен қоршалған тозаңды зарядтардың өрiсiн ұжымдық экрандау эффектiсiн ескередi.Компьютерлiк модельдеу әдiсi ретiнде әсерлесетiн бөлшектер жүйесiнiң эволюциясын олардың уақыт бойынша қозғалыс теңдеуiн интегралдау арқылы бақылауға болатын молекулалық динамика әдiсi қолданылды. Бөлшектердiң қозғалыс теңдеуiн шешу үшiн Верле алгоритмi қолданылды. Бөлшектердiң квазилокализациясы санды түрде кейгендiк корреляциялық функциясымен сипатталады. Бұл зерттеулер жұйенi сипаттайтын параметрлердiң әр түрлi мәндерi үшiн жүргiзiлдi. Сонымен қатар, кейгендiк корреляциялық функция туынысы сарапталды және бөлшектердiң декорреляциялық уақыты бойынша нәтижелер алынды. Жұмыстың авторлары магнит өрiсiнiң B⃗ бөлшектердiң ұсталу бойынша нәтижелер алынды. Жұмыстың авторлары магнит өрiсiнiң B уақытын ұлғайтатындығын анықтады. Тозаңды бөлшектердiң физикалық қасиеттерiн зерттеу және компьютерлiк модельдеу жүйенiң қасиеттерiн сипаттайтын келесi параметрлердiң өзгерiсiнiң кең аумағында жүзеге асырылды: экрандалу параметрi κ, байланыс параметрi Γ, магнит өрiсiнiң параметрi β.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-24