Анизотропты құрылымды грунт үшiн иiлгiштiк шарттарын өңдеу

Авторлар

  • А. Р. Баймахан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • З. М. Абдиахметова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • А. А. Сейнасинова Азаматтық авиация академиясы, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • Р. Б. Баймахан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

анизотропия, грунт, иiлгiштiк, изотропия жазықтығы, көлбеу бұрышы, жанама кернеулер

Аңдатпа

Мақалада анизотропты, нақтылай келгенде транстропты құрылымды грунттарға қатысты болатын иiлгiштiктiң (мықтылық) жаңа жалпы шарттарын өңдеу мәселелерi қарастырылады. Кулон-Мордың τ_c = C + σ_n tan φ иiлгiштiк шарттарының транстропты құрылымы бар болатын грунттар үшiн жалпылау шарттарын изотропия жазықтығына қатысты екi бағытта енгiзу ұсынылады: грунттардың изотропия жазықтығына қатысты болатын алғаш рет А.К.Бугров және А.И.Голубевтер жүйелеген транстропты құрылымы бар қабаттар бойымен || және қабаттарға перпендикуляр ⊥ бағытта. Авторлар басты кернеулер σ_1 және σ_2 , сонымен қатар кезiнде изотропты құрылымы бар грунттар үшiн В.Витке әдiсi бойынша Н.А. Цытович және Н.С. Булычевтар ұсынып, зерттеген басты кернеулердiң критикалық мәндерi σ_1c және σ_2c бойынша иiлгiштiктiң шарттарын жалпылау мүмкiндiктерiн талдайды. Анизотропты құрылымы бар грунттардың мықтылық және физика-математикалық қасиеттерi туралы тәжiрибелiк мәлiметтердi келтiре отырып, және ұсынылып отырған жаңа жалпылама шарттар негiзiнде транстропты құрылымы бар грунттардың иiлгiштiк аймақтарын анықтауға болады деген қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-01