Орыс және қазақ тiлдерi морфологиясының бiр күйлi түрлендiргiш моделi
Кілт сөздер:
екi деңгейлi морфология, машинамен аудару, ақырлы автоматтар, флективтiк тiлдер, көпмәндi байланыстыруАңдатпа
Бұл жұмыста сөз құрылымы күрделi тiлдердiң екi деңгейлi морфологиясын зерттеу мақсатында бiр санаттағы ақырлы автоматты құруды зерттеу, яғни сөздердiң жалғауларын грамматикалық характеристикаларға тiкелей өзгерту қаралған. Бұл мәселе агглютинативтi және флективтi жолмен өзгеретiн қазақ және орыс тiлдерiнiң негiзiнде зерттелген. Мели тривиалды автоматы мен көпмағыналы байланыстыруды қолдану осы мәселенiң шешiлуiне әкелдi. Бiз аталған тiлдердегi мәтiндер үшiн ақырлы автоматтың кiрiсiнiң толықтығын анықтадық. Осы нәтиже морфологиялық анализ жасалған барлық сөздердiң қабылдануына кепiлдеме бередi. Агглютинативтi тiлдер үшiн қиын мәселе ауқымында қазақ тiлiнiң сөздерi үшiн толықтық ерекшелiктерi зерттелген. Аталған технология орысша-қазақша машинамен аударуы үшiн жасалған, аударманың дұрыстығы BLEU үлгiсiмен тексерiлген.
