Құстар үйiрiнiң модификацияланған алгоритмi негiзiнде оңтайлы иммунды желiлiк модель құру

Авторлар

  • G. A. Samigulina Қазақcтан-Британ техникалық университетi, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуiш технологиялар институты
  • Zh. A. Massimkanova Қазақcтан-Британ техникалық университетi, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуiш технологиялар институты

DOI:

https://doi.org/10.26577/jmmcs-2018-2-402

Кілт сөздер:

оңтайлы иммунды желiлiк модель, ақпараттық дескрипторларды сұрыптау, құстар үйiрiнiң алгоритмi (PSO)

Аңдатпа

Биоинспирацияланған интеллектуалды әдiстер негiзiнде, мысалы, жаңа дәрiлiк
препараттардың компьютерлiк молекулярлық дизайны үшiн және химиялық қосылыстардың
"құрылым-қасиет/белсендiлiк"(QSAR) тәуелдiдiлiгiн болжамдауда жасанды иммунды
жүйелердiң ақпараттық технологиясын құру өзектi мәселе болып отыр. Мақала иммунды
желiлiк модель негiзiнде дәрiлiк препаратға кандидат ретiнде берiлген қасиеттерi бар
жаңа химиялық қосылыстарды таңдау әдерiсiн жеңiлдету үшiн оңтайлы дескрипторлар
жиынын таңдау арқылы QSAR-дың тапсырмасын шешуге арналған. Мультиалгоритмдiк
тәсiл концепциясы негiзiнде оңтайлы иммунды желiлiк моделдi құру мен ақпараттық
дескрипторларды белгiлеу құстар үйiрiнiң алгоритмдерi негiзiнде жүзеге асады.
Берiлген жұмыста ақпараттық дескрипторларды сұрыптау үшiн мысал ретiнде, әртүрлi
фармакологиялық белсендiлiгi бар сульфаниламид тобының дәрiлiк қосылыстарын құстар
үйiрiнiң классикалық алгоритмi (PSO) мен инерциялық салмақты құстар үйiрiнiң түрленген
алгоритмдерiн (IWPSO) салыстыруы сипатталған. Оңтайлы дескрипторлар жиынын құру
үшiн ұсынылған алгоритм жұмысынының тиiмдiлiгiн анықтауда параметрлердi таңдау
(фитнес-функциялар, популяция мөлшерi, итерация саны және т.б.) талданды. WEKA және
Yarpiz (PSO) программалық өнiмдерiнде итерация санына байланысты фитнес-функция
мәндерiнiң тәуелдiлiгiн моделдеу нәтижелерi келтiрiлген.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-08-29