Шектеулерi бар сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулерi үшiн басқарымдылық есебiнiң шешiмiнiң бар болуы

Авторлар

  • S. А. Aisagaliev әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы
  • S. S. Aisagalieva Математика және механика ғызыми-зерттеу институтының бас ғылыми кызметкерi, Алматы, Қазақстан Республикасы

Кілт сөздер:

басқарымдылық, интегро-дифференциалдық теңдеулер, тиiмдi басқару, минимумдаушы тiзбектер

Аңдатпа

Фазалық және интегралдық, сондай-ақ, басқару мәнiне қойылған шектеулерi бар шекаралық шарттарында сызықты интегро-дифференциалдық теңдеумен сипатталатын басқары- латын үдерiс қарастырылады. Интегро-дифференциалдық теңдеулердiң басқарымдылығын зерттеу интегро-дифференциалдық теңдеулер теориясындағы жаңа бағыт болып табылады. Жаратылыстану ғылымы, медицина, экономика, техникалық ғылымы аясындағы актуалды есептердi шешудi қажетсiнуден туындаған басқарымдылық есебi интегро-дифференциалдық теңдеулер үшiн неғұрлым күрделi есептердi қарастыруға мүмкiндiк бередi. Автордың алдыңғы жұмыстарында фазалық және интегралдық, сонымен қатар, басқару мәнiне қойылған шектеулерi бар шекаралық шарттарында қарапайым дифференциалдық теңдеулермен сипатталатын үдерiстiң басқарымдылық есебi зерттелiнген. Бұл жұмыста да сол нәтижелердi интегро-дифференциалдық теңдеулерiне қолдану әрекет етiледi. Сызықты интегро-дифференциалдық теңдеулер үшiн ерекше емес түрлендiру және бiр классты интегралдық теңдеулердiң жалпы шешiмiн құру жолымен үдерiстердiң басқарымдылығының қажеттi және жеткiлiктi шарттары алынған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-27