Cандық модельдеу көмегiмен адамның тыныс алу жүйесiнде ауаның тасымалдануының қасиеттерi
Кілт сөздер:
адам тыныс алу жүйесiнде ауаның таралуы, альвеолярлы жағдай, мұрын қуысында жылу алмасу, Навье-Стокс теңдеуi, физикалық параметрлер бойынша ыдырату схемасы, ақырлы көлем әдiсiАңдатпа
Берiлген жұмыста сандық модельдеу көмегiмен адамның тыныс алу жүйесiнде ауаның тасымалдануын қарастырады. Тыныс алу мұрын арқылы жүретiн болғандықтан, мұрын қуысындағы ауаның ағымын зерттеу қызығушылық туғызады. Қоршаған ортаның температурасы мұрынжұтқыншаққа жеткенде альвеолярлы жағдайға ауысқандықтан, өкпе iшкi ортасын сақтау үшiн мұрынмен тыныс алу маңызды болып табылады. Берiлген жұмыста адам мұрны үшiн мұрын қуысының көлденең қимасы моделiнде ауаның таралуын Навье-Стокс теңдеуi негiзiнде, температура теңдеуi және салыстырмалы ылғал теңдеуi үшiн екi өлшемдi сандық модельдеу жүргiзiлдi. Берiлген теңдеулер жүйесiнiң сандық шешiмiн табу үшiн физикалық параметрлер бойынша ыдырату схемасы қолданылады. Адам мұрын қуысындағы ауаның таралуының сандық модельдеуi жылдамдық және температура профильдерiнiң сандық нәтижелерiмен салыстырылды. Сандық модельдеу нәтижелерiнен iшкiальвеолярлық жағдайға жету үшiн тыныс алу кезiнде адам мұрны ауаны жылыту және ылғандандыру үшiн жеткiлiктi уақыт бар. Ауа өту жолын тарылту және iшкi қуыс қабырғасының мұрын қалқанының құйындары мұрын қуысында жылу алмасуды тездетедi.










