Геометриялық әдiс негiзiнде бейсызықты копбайланысты жүйенi басқару принципi
Кілт сөздер:
күрделi жүйе, көпбайланысты жүйе, бейсызықты жүйе, геометриялық әдiс, энергетикалық жүйеАңдатпа
Берiлген мақала геометриялық әдiс негiзiнде көпбайланысты бейсызықты энергетикалық
объектiнiң басқару синтезiне арналған. Энергетикалық объектiнiң күрделi басқару жүйесi
үшiн децентрализация процедурасы қолданылған. Декомпозициялы жүйе үшiн геометрия-
лық әдiстiң методологиясы негiзiнде бейсызықты жүйелердiң сызықты эквивалентiнiң бар
болу шарты қалыптастырылған. кiндiгiн дәлелдеу процедурасы бар. Ол үшiн бастапқы декомпозициялы жүйе Бруновскийдiң
канондық түрiмен берiледi. Күрделi байланыстары бар бейсызықты жүйенiң геометриялық
әдiс негiзiндегi басқару синтезi инволютивтiлiк шарттарына негiзделген сызықты эквива-
ленттердi алу комегiмен iске асырылған, яғни Ли алгебрасы операторының тепе-теңдiк нүк-
тесi мен оның айналасында операторларының нулге тең емес болуы, Ли алгебрасы операто-
рының тепе-теңдiк нүктесi мен оның айналасында сызықты тәуелсiздiгi.










