Сингулярлы ауытқыған интегралды-дифференциалдық теңдеуге арналған шекаралық есеп шешімінің асимптотикалық сипаты
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2021.v112.i4.02Кілт сөздер:
сингулярлық ауытқу, кiшi параметр, бастапқы секiрiс, асимптотикаАңдатпа
Жұмыс сингулярлы ауытқыған сызықты интегро-дифференциалдық теңдеу үшін шекаралық есеп шешімінің кіші параметр бойынша асимптотикалық құбылысын анықтауға арналған. Жұмыста интегралды шекаралық есеп шешімінің аналитикалық формуласы мен асимптотикалық бағалаулары алынды. Берілген кесіндінің екі жақ шетінде де қарастырылып отырған шекаралық есеп шешімінің бастапқы секіріс құбылысының реті бірдей екендігі анықталды. Осы сингулярлы ауытқыған шекаралық есебіне сәйкес өзгертілген ауытқымаған шекаралық есеп құрылған. Берілген сингулярлы ауытқыған шекаралық есеп шешімінің өзгертілген ауытқымаған шекаралық есебіне ұмтылатыны дәлелденген. Интегралдық мүшенің бастапқы секірісінің шамасы анықталды.











