Жалпыланған есептелiмдi үйiрлердiң универсал нөмiрлеулерi
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS.2022.v113.i1.03Кілт сөздер:
Роджерс жарты торы, Ершов иерархиясы, есептелiмдi нөмiрлеу, универсал нөмiрлеу, гипериммунды жиынАңдатпа
Бұл жұмыста жиындардан және барлық жерде анықталған функциялардан құралған әр түрлi үйiрлердiң универсал жалпыланған есептелiмдi нөмiрлеулерi болуы туралы сұрақтар зерттеледi. Бұрыннан белгiлi кез келген A жиыны үшiн, бұл жерде ∅ 0 ≤T A, A-е.с. S ақырлы үйiрiнде A-есептелiмдi универсал нөмiрлеу болады, сонда тек сонда ғана S үйiрi iшкi жиын қатынасы бойынша ең кiшi элементтi қамтыса. Бұл критерий шексiз үйiрлер үшiн орындалмайды. Кез келген A жиыны үшiн A-есептелiмдi универсал нөмiрлеуi бар iшкi жиын қатынасы бойынша ең кiшi элементтi қамтымайтын жиындардан құралған шексiз A-есептелiмдi S үйiрi табылады, сонымен қатар S үйiрiнде барлық элементтер жұптық қиылыспайды. Егер A– гипериммунды жиын болса, онда кем дегенде екi элементi бар барлық жерде анықталған функциялардан құралған A-есептелiмдi F үйiрiнде A-есептелiмдi универсал нөмiрлеуi болмайды. Ал егер degT (A) гипериммунды-бос болса, онда әрбiр барлық жерде анықталған функциялардан құралған үйiрде A-есептелiмдi универсал нөмiрлеуi болады. Бұл жұмыста бiз A-гипериммунды-бос оракулымен есептелетiн жиындардан құралған кез келген шексiз эффективтi дискреттi үйiрлерде A-есептелiмдi универсал нөмiрелуi болатынын көрсеттiк. Сондай-ақ, егер S үйiрi барлық толықтауы ақырлы жиындарды қамтыса және кем дегенде бiр толықтауы рекурсив саналымды жиынды қамтымаса, онда бұл үйiрдiң универсал Σ −1 2 - есептелiмдi нөмiрлеуi болмайтыны дәлелдендi.











