Интервалды математиканы қолдана отырып, басқаруға шектеу қойылған кездегі динамикалық жүйлердің басқарылуын зерттеу

Авторлар

  • Sh. A. Jomartova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • V. V. Nikulin State University of New York image/svg+xml
  • N. T. Karymsakova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS-2019-2-27

Кілт сөздер:

критерий, бақылау, интервалды математика, динамикалық жүйелер, интервал, интервалды вектор, дифференциалды теңдеу

Аңдатпа

Мақала басқарудың математикалық теориясының өзекті мәселесіне арналған. Және мақалада қарапайым дифференциалдық теңдеулермен сипатталған басқарудың математикалық моделі, басқаруға қатысты шектеулерді ескере отырып зерттеледі. Белгілі болғандай, фазалық шектеулермен және басқаруға қатысты шектеулері бар динамикалық жүйелердің басқарылуын табу проблемасы қазіргі уақыттада маңызды. Аталған мәселені шешудің түрлі жолдары бар. Классикалық басқару теориясы бүгінгі таңда өзгертілуде және басқарудың, оңтайлы басқарудың және тұрақтылықтың, алынған шешімдердің мәселелерін шешудің жаңа әдістері табылуды. Динамикалық жүйенің басқарылуын зерттеу барысында авторлар фазалық және басқаруға қойылған шектеулері бар динамикалық жүйелер үшін тиімді басқарылатын талапқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін интервалды математиканы қолданды. Бұл әдіс қарапайым таралу заңымен сипатталатын арнайы есептер тобын шешуге арналған.

Ұсынылған критерий екі мысалда көрсетілген. Біріншісі – 2-ші реттік теңдеулермен сипатталған модельдік мәселе. Екіншісі - 3-ші ретті теңдеулермен сипатталатын автоматты манипулятордың электромеханикалық қадағалау жүйесі. Осылайша, динамикалық жүйелер үшін басқарудың жеткілікті шарты алынды.

Жарияланды

2019-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Қолданылмалы математика