IШКI КIШI ЭЛЕМЕНТТI ЕСКЕРЕГЕНДЕГI СЫҒЫЛМАЙТЫН СҰЙЫҚТЫҢ ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS131320261Кілт сөздер:
ұңғыма, үлестiрiмдер, түзiлу қалыңдығы бойынша сүзу, сандық шешiм, ақырлы-айырымдық әдiс, аналитикалық шешiмАңдатпа
Бiз жазық-радиалды ағынды қарастырамыз, мұнда сүзу жылдамдығының векторлары радиустар бойымен ұңғыма осiне бағытталған. Ұңғыма оқпанына жақындаған сайын қысым мен сүзу жылдамдығының градиенттерi күрт артады [1]. Бұл жағдайда радиустар геометриялық прогрессия түрiнде өзгередi, ал изобаралардағы қысым арифметикалық прогрессия түрiнде өзгередi [15]. Мұндай сүзу ағыны қозғалысының математикалық моделiн Лаплас теңдеуiн пайдаланып сипаттауға болады. Мысалы, А.Н. Чекалин [5] қарапайым есептердi шешуге негiзделген математикалық эксперименттi пайдаланып, Лаплас айырым теңдеуiне түзету коэффициентiн енгiздi және декарттық координаттар жүйесiндегi сүзу ағынының қозғалысын зерттедi. А.А. Андреев [2], [4] Дирак дельта функциясымен тәжiрибе жасады. Бұл мақалада таралу функциялары теориясының негiзiнде Дирак дельта функциясын қолдана отырып, декарттық координаттар жүйесiндегi жазық-радиалды қозғалысты модельдеу дәлелденедi. Есептiң сандық және аналитикалық шешiмiнiң нәтижелерiне талдау жүргiзiледi.











