Шабуылдарды анықтау жүйесiнiң ауытқымалығының жағдайын анықтау технологиясы
Кілт сөздер:
кибершабуыл, шабуылдарды анықтау жүйесi, компьютерлiк жүйедегi аномалияларды анықтау, шешушi ережелер, негiзгi шамалардың моделi, шама эталондарының моделi, шешушi ережелердi құру, аномалияларды анықтау технологиясы, шабуылдарды анықтау технологиясыАңдатпа
Қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бiр шешiмi ретiнде ауытқымалығының принципi бойынша
құрылған шабуылдарды анықтауға арналған жүйенi атауға болады. Бұл жүйелер әдетте ста-
тистикалық мәлiметтердi дайындауға көп уақыт қажет ететiн математикалық әдiстерге негiз-
деледi. Сондықтан сарапшылық ұстанымдарға негiзделген нәтижесi көбiрек әдiстер қажет.
Бұл мiндеттi шешу үшiн матемаикалық моделдер мен айқын емес қисын әдiстерiне негiздел-
ген және ақпараттық жүйедегi кибершабуылдардың белгiлi бiр түрi туғызатын ауытқыма-
лық жағдайды анықтау үрдiсiнiң сегiз негiзгi кезеңдерден тұратын (айқын емес мәлiметтердi
өңдеу әдiсi, маңыздылық коэффициентiн анықтау әдiсi, шабуылдар жиыны мен шамалар-
ды қалыптастыру,шама эталондарын қалыптастыру, шамалардың айқындалмауы, шешушi
ережелер жиынтығын қалыптастыру, инициализация қалыптамаларын айқындау,нәтиженi
қалыптастыру) технология ұсынылады. Бұл технологияны компьютерлiк жүйелердегi кибер-
шабуылдарды анықтауға арналған жүйенi құру немесе жетiлдiру үшiн пайдалануға болады.
