Бұрғылау бағанасының орнын ауыстыруын модельдеуге арналған бағдарламалық модульдi әзiрлеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2023v119i3a10Кілттік сөздер:
математикалық модель, сызықты емес, бағдарламалық модуль, тербелiс, бұрғылау бағанасыАннотация
Бұл жұмыста жуу сұйықтығының ағынының, сыртқы жүктемелердің және бұрғылау бағанасының ұңғыма қабырғаларымен жанасу әрекетінің әсерін ескере отырып, бұрғылау бағанасының орын ауыстуруын есептеуге арналған бағдарламалық модуль әзірленген. Модуль бұрғылау бағанасының кеңістіктік көлденең тербелістерінің жалпылама сызықты емес математикалық моделіне негізделген. Математикалық модельді құру кезінде В.В. Новожиловтың серпімділіктің сызықтық емес теориясы мен Остроградский-Гамильтонның вариациялық принципі қолданылды. Бағдарламалық модуль жасау үшін кірістірілген есептеу интеллектісі бар әмбебап Wolfram Language қолданылады. Модуль бұрғылау бағанасының кеңістіктік қозғалыстарының 2D визуализациясын орындау, шешімнің фазалық портреттерін құру және алынған сандық нәтижелердің салыстырмалы талдауын жүргізу функцияларын қамтиды. Пайдалы қазбаларды тез, қауіпсіз және тиімді барлау мен өндіруді қамтамасыз ету үшін әзірленген модуль бұрғылау жүйесінің параметрлерін алдын ала орнату мүмкіндігіне байланысты және модельдеу процесінде қоршаған орта факторларын ескере отырып, бұрғылаудың нақты басталуына дейін бұрғылау бағанасының динамикасын болжауға мүмкіндік береді.
Библиографиялық сілтемелер
Jianhong F., Kexiong S., Zhi Z., Dezhi Z., Fei L., Xin X., Xin Z., "Stress analysis on drilling string vibration in gas drilling," Energy Procedia 16 (2012): 1264-1268.
Ytrehus J.D., Taghipour A., Golchin A., Prakash B., Saasen A., "The effect of different oil based drilling fluids on mechanical friction," in Int. Conf. on Offore Mechanics and Arctic Engineering 56581 (2015): 1264-1268.
Wang R., Xiaoqin L., Guiqiu S., Shihua Z., "Non-Linear Dynamic Analysis of Drill String System with Fluid-Structure Interaction," Appl. Sci. 11(19) (2021): 9047.
Liu Y., Gao D., "A nonlinear dynamic model for characterizing downhole motions of drill-string in a deviated well," J.
Nat. Gas Sci. Eng. 38 (2017): 466-474.
Ma Y., Hong D., Cheng Z., Cao Y., Ren G., "A multibody dynamic model of the drilling system with drilling fluid," Adv.
Mech. Eng. 8(7) (2016): 1-16.
Yang C., Wang R., Han L., Xue Q., "Analysis on the lateral vibration of drill string by mass effect of drilling fluid,"
Mech. Sci. 10 (2019): 363-371.
Wang B., Wang Z., Wang L., Sun P., "Effect of annular gas-liquid two-phase flow on dynamic characteristics of drill
string," Shock Vib. 2021 (2021): 1-13.
Chang X.P., Li X., Yang L., Li Y.H., "Vibration characteristics of the stepped drill string subjected to gas-structure
interaction and spinning motion," J. Sound Vib. 450 (2019): 251-275.
"Mining," https://www.sap.com/industries/mining.html, Accessed 04.10.2020.
Novozhilov, V.V. Foundations of the Nonlinear Theory of Elasticity. New York: Dover Publications, 1999.
Kudaibergenov Askar K., Kudaibergenov Askat K., Khajiyeva L.A. "On nonlinear spatial vibrations of rotating drill strings under the effect of a fluid flow," WSEAS Trans. Appl. Theor. Mech. 18 (2023): 75-83.