Бөлшек туындылы псевдопараболалық теңдеу үшiн керi есептiң шешiмдiлiгi

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v124-i4-a1
        119 25

Кілттік сөздер:

керi есеп, псевдопараболалық теңдеу, Капуто бөлшек туындысы, Галеркин жуықтаулары, регулярлық шешiм, сандық шешiм, сандық тәжiрибелер

Аннотация

Капуто бөлшек туындылы псевдопараболалық теңдеудiң оң жақтағы коэффициентiн қалпы на келтiру керi есебi зерттелген. Керi есепте қосымша шарты интегралдық түрде берiлген. Капуто бөлшек туындылы псевдопараболалық теңдеу үшiн керi есептiң регулярлы  шешiмнiң (яғни, теңдеуге қатысатын барлық жалпыланған Соболев туындылары үшiн) бар және жалғыздығы туралы теоремалар дәлелденген. Қарастырылып отырған керi есептiң сандық
шешу алгоритмi де ұсынылған. Алынған теориялық нәтижелердi суреттейтiн бiр өлшемдi керi есеп үшiн сандық эксперименттер жүргiзiлдi. Бөлшек туындылы керi есептер бөлшек туындылы теңдеулер арқылы сипатталған математикалық модельдердегi белгiсiз параметрлердi немесе функцияларды анықтаумен байланысты есептер класына жатады. Мұндай мәселелер механика, жылуөткiзгiштiк, биология, қаржы және басқа да салалар бөлшек туынды модельдердi пайдаланатын әртүрлi қолданбалы облыстарда пайда болады.

Авторлардың биографисы

С.Е. Айтжанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан

Айтжанов Серiк Ерсултанұлы– физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (Алматы қ., Қазақстан, email: aitzhanov.serik81@gmail.com)

A.A. Исахов, Қазақ-Британ техникалық университетi, Алматы қ., Қазақстан

Исахов Әлибек Әбдиахметұлы– PhD, профессор, Қазақ-Британ техникалық университетi (Алматы қ., Қазақстан, email: Alibek.issakhov@gmail.com)

А.С. Касымбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi, Алматы қ., Қазақстан

Касымбекова Арнай Сәрсембекқызы– физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (Алматы қ., Қазақстан, email: kasar1337@gmail.com)

З.Т. Абдикаликова, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi, Алматы қ., Қазақстан

Абдикаликова Замира Тұрсынбайқызы– PhD, доцент м.а., Халықаралық ақпараттық технологиялар университетi (Алматы қ., Қазақстан, email: z.abdikalikova@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Айтжанов S. ., Исахов A., Касымбекова A. ., & Абдикаликова . Z. (2025). Бөлшек туындылы псевдопараболалық теңдеу үшiн керi есептiң шешiмдiлiгi. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 124(4), 3–25. https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v124-i4-a1