ТҰМСЫҒЫ КЕСКІНДЕРІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ІРІ ҚАРА МАЛДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҰШІН ТЕРЕҢ ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН МОДЕЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2025125102Кілттік сөздер:
iрi қара малдың тұмсығы кескiндерi, үлгiнi тану, ерекшелiктердi алу, биометриялық белгiлер, iрi қара малды сәйкестендiру, терең оқыту модельдерi, модель архитектурасыАннотация
Ірі қара малды сәйкестендірудің дәстүрлі әдістерін, мысалы, құлақ сырғаларын, таңбалауды және татуировкаларды қолдану үнемі адамның араласуын, сондай-ақ уақыт пен күштің айтарлықтай шығынын талап етеді. Қазіргі уақытта радиожиілікті сәйкестендіру (RFID) әдістерінің кеңінен қолданылуына қарамастан, олардың да белгілі бір кемшіліктері бар. Бұл үшін қолданылатын RFID құрылғылар үнемі орнатылып тұруы қажет, бұл жануарларды мазасыздандыруы мүмкін, сонымен қатар олар қозғалған кезде құрылғылар зақымдалып немесе жоғалып кетуі мүмкін, бұл қосымша мәселелерге әкеледі. Ірі қара малды сәйкестендіруде биометриялық сипаттамаларды қолдану осы кемшіліктерді жояды. Бұл әдісте жануарлар олардың бірегей биометриялық сипаттамалары, мысалы, көздің радужка суреттері, тері текстурасы, мұрын іздері және бет ерекшеліктері бойынша анықталады. Бұл мақала ірі қара малды мұрын іздері негізінде сәйкестендіруге арналган. Бұл зерттеуде жалпы саны 4923 суреттен тұратын 268 ірі қара малдың бейнесі пайдаланылды. Сегіз түрлі модельдің архитектуралары жақсартылып, оқыту процесі үшін таңдалып, оқытылды. Зерттеу нәтижелері бойынша DonsoNot-121, WideResNet-50 және Inception V3 модельдері ең жоғары дәлдікке, сәйкесінше 99,2%, 99,1% және 99,1% жетті. Бүл нәтижелер ұсынылган архитектураның тиімділігін көрсетеді.