БҰРҒЫЛАУ БАҒАНДАРЫНЫҢ ТЕРБЕЛІСТЕРІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS20251262012
        31 27

Кілттік сөздер:

бұрғылау бағаны, тербеліс, машиналық оқыту, сызықты регрессия, кездейсоқ орман

Аннотация

Бұл жұмыстың мақсаты бұрғылау бағандарының динамикалық тербелістерін талдау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану. Зерттеу барысында бұрғылау бағанының тербелістерін сипаттайтын математикалық модель әзірленді; ақырлы-айырымдық сұлбасы құрылып, үш нүктелі қуалау әдісін қолдану арқылы сандық модельдеу жүргізілді. Сандық шешімнен алынған мәліметтерге сүйене отырып, машиналық оқыту моделі құрылды. Сандық модельдеу үшін C++ тілінде бағдарламалық код жасалды, ал деректерді жинау және машиналық оқыту моделін құру процестері Python бағдарламалау тілі арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде бұрғылау бағанасының динамикалық тербелістерін жоғары дәлдікпен болжай алатын және оңтайлы параметрлерді анықтайтын болжамды модель алынды, бүл бүрғылау жұмыстарының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Кудайбергенов A., Кудайбергенов A., & Тілеуберді T. (2025). БҰРҒЫЛАУ БАҒАНДАРЫНЫҢ ТЕРБЕЛІСТЕРІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 126(2). https://doi.org/10.26577/JMMCS20251262012