Сингулярлық диффузиялық теңдеулер класы үшiн көздi оңтайлы басқару әдiсiмен қалпына келтiру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS202512739Кілттік сөздер:
Керi есеп , сингулярлы параболалық теңдеу, тұрақтылық, регуляризация, Ландвебер әдісіАннотация
Бұл жұмыста керi квадратты потенциалы бар сингулярлық параболалық теңдеудегi кеңiстiктiк тәуелдi көздi анықтаудың керi есебi қарастырылады, ол ақырлы уақыт мезетiндегi өлшеу деректерiн пайдаланады. Есеп тиiмдi басқарудағы орнықтылықты қамтамасыз ету үшiн
Тихоновтың регуляризацияланған функционалын минимизациялауға негiзделiп тұжырымдалған. Теориялық нәтижелерi ретiнде тура есеп үшiн әлсiз шешiмнiң бар және жалғыздығы дәлелденуiн, сонымен қатар, бiрiншi реттiк оптималдық шарты орындалған жағдайда керi есептiң орнықтылығының бағалауын айтуға болады. Сандық нәтижелерi ретiнде дәл және
шулы деректермен синтетикалық мысалдарда тексерiлген Ландвебер типiндегi итерациялық
алгоритм әзiрлендi.
