MODELING METHODS FOR STRATEGIC ANALYSIS OF INTERREGIONAL INEQUALITY IN KAZAKHSTAN

Авторлар

  • Лазат Спанкулова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1865-4681
  • Галина Бесстремянная Халықаралық макроэкономикалық талдау зертханасы, Ұлттық зерттеу университетi ”Жоғарғы экономика мектебi”, Мәскеу, Ресей https://orcid.org/0000-0003-1151-5379
  • Балжан Жомартова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-7702-2251

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS129120269
        10 13

Кілттік сөздер:

экономикалық өсу, кеңiстiктiк теңсiздiк, өңiрлiк экономика, кеңiстiктiк Дурбин моделi

Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасындағы кеңiстiктiк экономикалық даму мен өңiрлiк теңсiздiкке бағытталған, өңiрлер арасындағы айырмашылықтарды туындататын факторлар мен институционалды-саяси жағдайларға ерекше көңiл бөледi. Эмпирикалық талдау 2001-2017 жылдар аралығындағы 16 Қазақстандық өңiр бойынша панельдiк деректерге (272 бақылау) негiзделген. Тәуелдi айнымалы ретiнде жан басына шаққандағы жалпы өңiрлiк өнiмнi (ЖӨӨ) логарифмi алынады. Кеңiстiктiк Дурбин моделiнiң (Spatial Durbin Model, SDM) өңiрлiк тiркелген және кездейсоқ әсерлерi бар модификациялары бағаланып, салыстырылады; AIC/BIC критерийлерi мен Хаусман тестiне сәйкес, тiркелген әсерлерi бар SDM спецификациясы неғұрлым қолайлы болып танылады. SPSS және STATA18 бағдарламаларындағы эконометриялық бағалаулар R тiлiндегi кеңiстiктiк және GIS-талдаумен бiрге деректердi алдын ала өңдеу және классикалық эконометрика үшiн қолданылады. Диагностикаға Хаусман тестi, гетероскедастикалылық пен автокорреляцияны тексерулер, сондай-ақ панельдiк стационарлық тесттерi кiредi. Талдау Қазақстан өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiркелкi еместiгiн қалыптастыратын басым кеңiстiктiк детерминанттарды айқындап, теңсiздiктi азайтуға бағытталған институционалдық және экономикалық-географиялық саясат шараларын негiздеуге мүмкiндiк бередi.

Авторлардың биографисы

Лазат Спанкулова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан

Спанкулова Лазат Сейтказиевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: spankulova.lazat@mail.ru).

Галина Бесстремянная, Халықаралық макроэкономикалық талдау зертханасы, Ұлттық зерттеу университетi ”Жоғарғы экономика мектебi”, Мәскеу, Ресей

Бесстремянная Галина Евгеньевна – PhD, профессор,Экономика ғылымдары факультетiнiң аға ғылыми қызметкерi Халықаралық макроэкономикалық талдау зертханасы, Ұлттық зерттеу университетi ”Жоғарғы экономика мектебi” (Мәскеу, Ресей электрондық пошта: gbesstremyannaya@hse.ru)

Балжан Жомартова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Алматы, Қазақстан

Жумартова Балжан Оралбаевна (корреспондент автор) – PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi (Алматы, Қазақстан, электрондық пошта: balzhan.zhumartova@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Спанкулова L., Бесстремянная G., & Жомартова B. (2026). MODELING METHODS FOR STRATEGIC ANALYSIS OF INTERREGIONAL INEQUALITY IN KAZAKHSTAN. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 129(1), 97–113. https://doi.org/10.26577/JMMCS129120269