Машиналық оқытуға негiзделген бiлiм беру платформасының архитектурасы

Авторлар

  • Э. Самандаров ТИАШМИИҰлттық зерттеу университетi жанындағы Негiзгi және қолданбалы зерттеулер институты, Ташкент қ., Өзбекстан https://orcid.org/0009-0009-6267-6405

DOI:

https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v124-i4-a7
        118 93

Кілттік сөздер:

Жасанды нейрондық желi, бiлiм берү платформасы, машиналық оқытү, деректердi өңдеү,бiлiм берү деректерiн өндiрү

Аннотация

Мақалада машиналық оқыту (МО) алгоритмдерiне негiзделген бiлiм беру платформасының архитектурасы талқыланады. Жақында жасанды интеллектiң (ЖИ) бөлiгi болып табылатын МО алгоритмдерi онлайн бiлiм беру платформасында қолданыла бастады. Бұл құжат машиналық оқыту алгоритмдерiне негiзделген бiлiм беру платформасының архитектурасын көрсетедi. МО алгоритмдерi оқушының психологиялық жағдайын, пәндер бойынша бiлiм деңгейiн анықтау, оқушының бiлiм деңгейiне сәйкес оқу материалдарын ұсыну және оқушының емтихан нәтижелерiн сынып бойынша жiктеу үшiн қолданылады. Мақалада келтiрiлген бiлiм беру платформасы архитектурасы мектепке арналған, бiрақ ол икемдi. Архитектура басқа бiлiм деңгейлерiне қолданылуы мүмкiн. Осылайша, MО негiзiндегi платформа оқушылардың дербес оқуын және әр пәнге қабiлеттiлiгiн жақсартуға көмектеседi. 2024 жылы 6-дан 11-шi сыныпқа дейiнгi 280 оқушы Ташкент қаласындағы жеке мектепте архитектураға негiзделген бiлiм беру платформасы арқылы оқыды. Оқушылардың психологиялық жағдайын анықтау, оқушылардың бiлiм деңгейiн анықтау, әр пән бойынша оқушылардың бiлiмiн бағалау, оқушыларды келесi деңгейге ауыстыру SVM, ANN, Naive Bayes және Decision tree машиналық оқыту әдiстерi арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер
МОалгоритмдерi оқушыларды оқытуда өте тиiмдi екенiн көрсетедi.

Автордың биографиясы

Э. Самандаров, ТИАШМИИҰлттық зерттеу университетi жанындағы Негiзгi және қолданбалы зерттеулер институты, Ташкент қ., Өзбекстан

Эркабой Самандаров– ТИАШМИИ Ұлттық зерттеу университетi жанындағы Негiзгi және қолданбалы зерттеулер институтының PhD студентi (Ташкент қ., Өзбекстан, e-mail: samandaroverka09@gmail.com)

Жүктелулер

Как цитировать

Самандаров E. . (2025). Машиналық оқытуға негiзделген бiлiм беру платформасының архитектурасы. Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 124(4), 86–102. https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v124-i4-a7