Сейсмикалық әсер кезіндегі бұрғылау бағанының қозғалысын модельдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-11Кілттік сөздер:
бұрғылау бағанасы, динамика, сызықтық емес, тербеліс, сейсмикалық жүктемеАннотация
Бұл жұмыста сейсмоактивті ортадағы бұрғылау бағандарының сызықтық емес динамикасы зерттеледі. Сейсмикалық толқындардың терең емес бұрғылау бағандарының тербелістеріне әсері қарастырылады. Бұрғылау бағандарының деформациясы ақырғы болып саналады. Остроградский-Гамильтонның вариациялық принципі мен топырақ қозғалысының заңдылықтары негізінде бұрғылау бағандарының кеңістіктік қозғалысының сызықтық емес математикалық моделі құрылды. Wolfram Mathematica символдық есептеу пакетін қолдана отырып, модельге сандық талдау жасалды. Сейсмикалық толқындардың әсерінен соққылар түрінде көрінетін бұрғылау бағандарының динамикасының сапалық және сандық өзгерістері анықталды.