Туризм объектілерін бағалаудың ақпараттық жүйесінің моделін құру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-9Кілттік сөздер:
ақпараттық жүйе моделі, туризм объектісі, комментарий, тоналдылықты анықтау терминдері, туризм саласыАннотация
Жұмыста веб-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі ақпарат негізінде туризм объектілерін бағалауға арналған ақпараттық жүйенің моделі ұсынылған. Модельді сипаттау кезінде деректер объектісі, пайдаланушы, опция, комментарий, туризм объектісі, туристік ұйым және тоналдылықты анықтау термині сияқты негізгі субъектілер анықталды және егжей-тегжейлі сипатталды. Ақпараттық жүйенің жоғарыда аталған субъектілерінің арасындағы байланыстар да анықталған. Модельдің өзегі ресурс туралы толық ақпаратты сақтайтын және негізінен метадеректер арқылы сипатталынатын деректер нысаны болып табылады. Модельді іске асырудың негізгі кезеңдері келтірілген, ол төрт кезеңді қамтиды: туризм объектілерінің деректер базасын құру, пікірлерді жинау және өңдеу, тоналдылықты анықтау сөздігін құру және туризм объектісін бағалау кезеңі. Жұмыста туристер мен туристік ұйымдардың қажеттіліктерін анықтау мәселелері де қарастырылған.