класы функциялары үшін оптималды есептеу агрегатының шектік қателігі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS202512737Кілттік сөздер:
Оптималды қалыптастыру, оптималды есептеу агрегаты, сызықтық функционалдар, дәл рет, анизотропты Соболев класы, тригонометриялық Фурье коэффициенттері, шектік қателікАннотация
Ақырсыз объектіні (континуумда анықталған функцияны, үзіліссіз функциялар интегралдарын, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер шешімдерін, функция туындыларын,... ) одан алынған саны ақырлы мәліметтер арқылы оптималды қалыптастыру есебінде табиғи түрде, қалыптастырылуға тиіс ақырсыз объекттен алынатын сандық мәліметтер әдетте дәл болмайтындықтан, оптималды есептеу агрегатының шектік қателігін табу есебі пайда болады. Бұл мақалада кеңістігі метрикасында дәреже – логарифмдік шкаладағы анизотропты Соболев класына тиесілі көп айнымалылы периодты функцияларды оптималды қалыптастыру есебіндегі оптималды есептеу агрегатының шектік қателігі табылған. Осы жұмыстың өзектілігі келесі факторлар арқылы қамтамасыз етіледі: біріншіден, оптималды есептеу агрегатының табылған шектік қателігі функциясынан алынған дәл сандық мәліметті дәл емес мәліметке ауыстырғанда да қалыптастырудың ең аз қателігінің дәл ретін сақтайды және реті бойынша жақсармайды; екіншіден, оптималды есептеу агрегатының шектік қателігін табу есебі осы күнге дейін қарастырып отырған класта зерттелмеген; үшіншіден, периодты функцияларды олардың тригонометриялық Фурье коэффициенттерінің кему жылдамдығы бойынша классификациялап сипаттауда логарифм – дәрежелік шкаладағы анизотропты Соболев класы дәрежелік шкаладағы анизотропты Соболев класымен салыстырғанда кең, әрі дәл сипаттама болып келеді.Жүктелулер
Как цитировать
Утесовa G., & Утесов A. (2025). класы функциялары үшін оптималды есептеу агрегатының шектік қателігі . Қазұу Хабаршысы. Математика, механика, информатика сериясы, 127(3). https://doi.org/10.26577/JMMCS202512737
Шығарылым
Бөлім
Математика