ШЕКАРАЛЫҚ ШАРТЫ ЛОКАЛДЫ ЕМЕС СЫҒЫЛМАЙТЫН СҰЙЫҚТЫҢ ФИЛЬТІРЛЕНУ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JMMCS2025126208Кілттік сөздер:
бірге өндіру, екі байланысқан аймақ, пластың қуаты, ұңғымалар торы, сандық шешім, ақырлы-айырымдық әдіс, аналитикалық шешімАннотация
Зерттеу жұмысы қазіргі кездегі өзекті – бірнеше пласты бірге өндірудің экономикалық тиімді технологиясын құру мәселесіне арналған. Екі немесе көпқатпарша пластарды бірмезгілде ұңғыма жүйесін енгізіп өндіру жолдарына [1, 2] байланысты математикалық модельдердің шешімін қарастыру бірмезгілде мұнайды өндіріудің қажеттілігін талдау мүмкіндіктерін береді. Мұнай қоры жерасты қабаттарының әртүрлі коллекторлық қасиеттеріне және пластқабатшалардың қалыңдығына байланысты орналасқан. Соған байланысты мұнай қоры бар қабатшаларға жеке ұңғыма жүйесін пайдаланудың тиімділігі шамалы. Сондықтан мұнай қоры бар пластқабатшаларды бірге өндіру жолдарын қарастрып зерттеу мұнай механикасында жиі қолданылады [3, 4].Өзара байланыспаған екі пластағы сұйық қорын өндіру есебі зерттелген. Мұнда ұңғыманың ықпалдық радиусымен шектелген аймақта арнайы ақырлы-айырымдық схема алынып, барлық аймақ үшін интегро-интерполяциялық әдісті қолдану жолы қойылған. Осымен бірге екі пласт үшін шекаралық шарты локальды емес сығылмайтын сұйықтың фильтірлену есебінің аналитикалық шешімі алынып, жуық шешіміне талдау жасалады. Экономикалық шығындарды азайтуда бірге өндірудің қажеттігі көрсетіліп, дәлелденеді. Жүргізілген сандық зерттеулердің нәтижесінде Fortran бағдарламалау тілінде екі пласт үшін есептің сандық мәндері және Tecplot бағдарламалық пакетінде сызбалары алынған. Қолданылған итерациалық әдістің сапасы дәлелденген. Жұмыстың басқа қарастырылған жұмыстармен салыстырғандағы ғылыми жаңалығы – өзара байланыспаған пластардағы сұйық қорын бір мезгілде бір ұңғымалар торымен өндіру есебін зерттеу болып табылады. Модельді зерттеу әдістері мен алынған қорытынды нәтижелері мұнай кен орындары мамандарының қызығушылығын тудыруы мүмкін.